BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Ақтөбе тұрғыны әйелін подъезде босандырып алды

Ақтөбе тұрғыны әйелін тура үйінің кіре берісіндегі баспалдақта босандырып алған. Баланың мойнына кіндігі оралып қалған, алайда ер адам еш саспастан баланың өмірін аман алып қалған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Аян Ұланның айтуынша, түнде жүкті әйелінің толғағы қысып, ерлі-зайыптылар шұғыл аруханаға бармақ болған. Такси шақыртып, көрпе тағы басқа қажетті заттарды алып шыққан. Алайда нәресте бір минутта күткісі келмеген сыңайлы, ол тура үйдің шыға берісіндегі баспалдақта дүниеге келген.

«Ол баспалдақпен түсіп келе жатқан, міне осы тұста бәрі басталды, - деп Аян Ұлан Әйтеке би көшесіндегі № 43 үйдің подъездегі оқиға болған жерді көрсетіп еске алады. – Сұлуымды көрпеге жатқыздым, ол үрей үстінде еді. Оған сабыр сақтауын өтіндім. «Демал! Күшен!» деп қайталай бердім. Ол үшінші рет қатты күшенгенде босанды. Алайда бала жыламады. Сөйтсем кіндігі мойнына оратылып қалыпты. Мен оны шешіп едім, ол бірден жылады. Есеңгіреуден 101-ге, өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалыппын. Содан кейін барып жедел жәрдемге хабарластым. Олар тез келді, екі минут өтісімен осында болды. Өте қорқынышты болды, алайда оны жасыруға тырыстым. Менің медициналық білімім жоқ, мен байланысшымын. Жедел жәрдемнің 12-ші бригадасының дәрігерлері: Надежда Филипповаға, фельдшер Маматованы және көлік жүргізуші Болатхан Жиенбаевқа алғыс білдіремін", - дейді ол.

Босана салысымен бала мен ананы жедел жәрдем көлігі алып кеткен. Қазір олар үйінде, туыстары мен жақындарының ортасында. Нәрестеге әлі қырық күн толмады, сондықтан есімін айтпады. Бұл Аян Ұланның отбасындағы екінші бала.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер