BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Ақтөбе тұрғыны бір түнде 5 көліктің терезесін қиратып, құжаттарын әкеткен

Фото: sputnik.by

Тәртіп сақшылары бір түнде бес автокөліктің терезесін сындырып, құжаттарын әкеткен 22 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі аktobenews.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, бұзақыға көліктердің терезелерін сындыруға небары екі сағат уақыт жеткілікті болған.

Бүгінде аталған жайтқа қатысты сот алды тергеу басталды. Ұсталған адамның өзге қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер