BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

Ақтөбе трассасында Мәскеуге жол тартқан жүк көлігі өртенді

Ақтөбеге жақын жердегі Самара-Шымкент трассасында жүк көлігі өртенді. Аталған көлік Мәскеуге қарай бағыт алған еді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«28 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 09:52 шамасында Самара-Шымкент тасжолының 776 километрінде, ал Ақтөбе қаласынан 23 км қашықтықта «DAF» маркалы көліктің тіркемесі (прицеп) өртенді. Жүк көлігі Алматы-Мәскеу бағыты бойынша жүріп бара жатқан. Өртті сөндіруге екі техника және жеті адам жұмылдырылды. Өрт 10:40-тан бастап 11:00-ге дейін сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - делінген «ҚазАқпарат» сайты жариялаған хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер