BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.38 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Ақтөбеде автобустың өртенуіне жолаушылардың төбелесуі себеп болған

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті 57 адам отырған автобустың өртенуінің ресми себебін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Бастапқыда 57 адам отырған автобус электр сымдар жүйесінің тұтануы себебінен өртенген болуы мүмкін деп хабарланған еді. Мұнымен қатар, осы тұтану салдарынан автобустың бүйір есігі ашылмай қалғаны туралы да айтылған болатын.

Оқыс оқиға куәгерлері өрттің автобус жолаушылары төбелесіп жатқан кезде шыққанын айтты. Осы уақытта автобус ішінде отырған кей жолаушы дәнекерлеуші шамның көмегімен жылынып отырған. Төбелесіп жатқан кезде автобуста отырғандардың бірі бензин құйылған канистрді шамға қарай теуіп жіберіп, артынша от тұтанған.

Естеріңізге сала кетсек, төтенше жағдай бүгін Қалыбай ауылынан 10 км және облыс орталығынан 320 км қашықтықта Самара-Шымкент трассасында Астана уақытымен сағат 10.30-да болды. Өзбекстанның 57 азаматы отырған «Икарус» маркалы жолаушылар автобусы өртенді. Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, жанып жатқан автобустан 5 адам шығып үлгеріпті, 52 адам қайтыс болған.

Бұдан кейін Ақтөбеде өртенген автобустың видеосы шықты.

Сонымен қатар, автобустағы өрттен зардап шеккендердің аты-жөні белгілі болды, қазір оларды Ақтөбеге алып бара жатыр. Олардың арасында үш жүргізуші, Қазақстан азаматтары – 1985 жылы туған Мақсат Пернебек, 1968 жылы туған Нұржан Қырғызбаев, 1978 жылы туған Барат Таңатаров. Барлығы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Қалған екеуі Өзбекстан азаматы – 1988 жылы туған Ахрор Исаков және 1980 Исроилджан Мырзахметов.

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанда болған оқыс оқиға орнына дәрігерлер, СІМ және министрлік қызметкерлерін жіберу үшін ұшақ әзірлеп жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер