BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Ақтауда жүкті әйел қарнын жарып тастады

Ақтауда жүкті әйел қарнын жарып жіберген. 26 жастағы әйелдің жүктілік мерзімі – 17-18 апта. Бұл туралы Маңғыстау облысы ауруханасының жалпы және видеоэндоскопиялық хирургия бөлімінің меңгерушісі Талғат Мұқанов айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел жәрдем қызметі әйелді ауыр халде 26 қазан күні түнгі сағат 02:00-де ауруханаға жеткізген. Әйелге тез арада ота жасалды.

«Әйелдің асқазаны жарылған. Жара тігілді. Жағдайы орташа ауыр халде. Өз күшімен тыныс алып жатыр. Ауруханаға түскен кезде әйелден ішімдіктің иісі шығып тұрды», - деді Талғат Мұқанов.

Талғат Мұқановтың айтуынша, әйел Ақтау қаласындағы 3-ықшамауданда тұрады екен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер