BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Ақтауда үш көлік соқтығысып, екі бала мен үш ересек адам зардап шекті

Фото: lada.kz

Кеше Ақтауда сағат 15:30-да төртінші ықшам ауданындағы №13 үйдің қарама-қарсы бағытында жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан үш ересек адам мен екі бала зардап шекті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жағдайға қатысты полиция қызметкерлері пікір білдірді.

Көлік апатына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Skoda, Hyundai Accent және Lexus көліктерінің соқтығысуына байланысты сараптама тағайындалды», - делінген баспасөз қызметінде.

Материалдар Ақтау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі.

Көлік апатынан зардап шеккен бес адамның біреуі әлі де Маңғыстаудағы облыстық ауруханада жатыр. Қалғандары медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер