Ақтауда суға батып бара жатқан үш адам құтқарылды - Оқиға|06 Тамыз 2018, 15:35
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Ақтауда суға батып бара жатқан үш адам құтқарылды

Фото: vestikavkaza.ru

Ақтау қаласында теңіздің жағасына шыға алмай қалған үш ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Ақтауда үш ер адам судың жағасына шыға алмай қалған. Оларды ағыс ашық теңізге алып кеткен.

Оқиға 4 тамыз күні болған. Ер адамдар пластмасс затты пайдаланып, теңізге шыққан. Осылайша, олар судың жағасына өз еркімен шыға алмай қалған. Көмек туралы қоңырау сағат 17:45-те түскен.

«Оқиға теңізде болды. Сағат 17:58-де құтқарушылар оқиға орнына келіп, ер адамдарға жағаға шығуға көмектесті», - деп хабарлады жедел-құтқару отряды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер