BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Ақсуда қоқыстан сәби табылды

Фото: Pixabay

Астана, BAQ.KZ. Қоқыс жәшігінен табылған сәбидің анасы Ақсу қаласындағы Жаяу Мұса атындағы колледжің студенті екені белгілі болды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

«Баланың салмағы – 3450 келі, бойы – 51 сантиметр. Баланың айы-күні жетіліп туған. Әйел үйде босанған. Қазіргі таңда ол қалалық аурухананың гинекология бөлімінде жатыр. Медициналық және психологиялық көмек көрсетілді», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Ефремовка ауылынан келген студенттің жігіті көктемде әскерге кеткен. Колледжде оқып жүрген кезінде әпкесімен және жездесімен тұрып жатқан.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 21 қазан күні жаңа туған сәбидің денесі табылған. Аталмыш фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және тиісті сараптама тағайындалды.

«Баланың анасы кім екені анықталды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда», - делінген ведомствода.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер