BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Ақмола облысының екі тұрғыны Астанада канализация люктерінің қақпақтарын ұрлаған

8 қыркүйек күні астаналық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Бейсекова көшесіндегі канализация люктерінің қақпақтарын ұрлаған екі адамды ұстады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар 26, 27 жастағы Ақмола облысының тұрғындары болып шықты. Қазіргі уақытта «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу амалдары барысында люктердің қақпақтары қайтарылды. Айыптылар қақпақтарды алдағы уақытта сатып жіберу мақсатында ұрлағандарын мойындады.

Астана қалалық ІІД канализация люктерінің қақпақтарын ұрлау қала тұрғындарының денсаулығына керіс әсер ететінін, сондай-ақ жол қозғалысы көп жерлерде мәселе тудыратынын айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер