USD 334.48 EUR 355.62 RUB 5.25
Астана:

Ақмола облысында көктайғақтан көліктер соқтығысып, жол ортасында өртеніп кетті

Ақмола облысында көктайғақтан екі бірдей жол апаты болды. Шучинск қаласынан бес шақырым жерде тайғақтан жүргізуші рөлге ие бола алмай, «Тойота Карина» көлігі темір қоршауды сындырып өтіп, қарсы бағыттағы көлікке соғылған.

Соның салдарынан Тойота көлігінде болған төрт адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Олардың екеуі 6 және 4 жастағы балалар. Ал қақтығысқан көліктердің сау-тамтығы қалмай, түгелімен жанып кеткен.

Осыған ұқсас оқиға Жақсы ауданында да тіркелді. «Мерседес Бенс» көлігі жүк көлігіне барып соқтығысқан. Қайғылы оқиғадан жеңіл көліктегі жүргізуші мен жолаушы ауруханаға жеткізілді. Алайда ауруханаға жетісімен жолаушы көз жұмды.

«Қайтыс болған жолаушы 1980 жылы туған. Ресейдің азаматы. Бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалды», - дейді Ақмола облысы ішкі істер департаменті баспасөз хатшысының жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

31-арна

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады