USD 334.48 EUR 355.62 RUB 5.25
Астана:

Ақмола облысында алтын қазып жүрген 14 адам ұсталды

Ақмола облысына қарасты Бестөбе ауылында полицейлер бір күн ішінде жасырын түрде алтын қазып жүрген 14 адамды тұтқындады, деп хабарлайды Baq.kz.

Оңай олжаға кенелуді көздегендердің дені – өзге облыстардан келгендер. Олар жасырын жолмен жер астынан алып шыққан тастарды арнайы ұйымдастырған құпия цехтарда үгітіп, сол жерде өткізіп отырған. Кен құрамында алтын, кварц және өзге де түсті металл түрлері бар.

Жыл басынан бері құқық қорғаушылар Бестөбе және Ақсу кенті маңында алтын және түсті металды заңсыз жолмен пайдаға асырып жүргендердің үстінен 5200 іс қозғаған.

Өңірлік полиция бөлімшелерінің ақпаратына сүйенсек, оңай олжа тапқысы келетіндер бұл жерге тек көрші аудандар мен облыстардан ғана емес, республиканың барлық өңірінен келетін көрінеді. Атап айтқанда, Оңтүстік, Батыс, Жамбыл және Алматы облыстарынан келген.

Соңғы он ай ішінде Степногорск қаласы маңынан тас үгітіп түсті металдар бөлшектейтін 25 шағын цехтың жұмысы әшкереленген. Бұлардан 20 тоннадан артық алтын құрамды кварц кені тәркіленді, деп жазады Today.kz.

Сонымен қатар, аталған кенттер маңынан жер қойнауына төмен түсетін 10 түрлі жасырын шахтаның жұмысы әшкере болған. Бұлардың барлығы қазір жабылып, қатаң бақылауда ұсталып отыр.

Аталған мәліметтер бойынша барлығы 160-тан астам тергеу амалдары басталды. Оның 99-ы ҚР ҚК 334-бабы «жер қойнауын рұқсатсыз пайдалану» бойынша қаралуда.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады