BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Әкелер ұл мен қызға әртүрлі қарайтыны анықталды

Фото: HitGid

Эмори және Аризона университетінің нейробиологтары мен психологтары әкенің ұл мен қызға қамқорлық таныту деңгейін анықтау үшін зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижелері Behavioral Neuroscience журналында жарияланды.

Ғалымдар әке мен баланың арасындағы қарым-қатынасты зертханада емес, қалыпты жағдайда, яғни үйде бақылады. Зерттеуге 21-55 жас аралығындағы 69 ер адам қатысты. Тәжірибеге қатысқан адамдар беліне 9 минут сайын қосылатын дыбыс жазатын арнайы құрылғы таққан. Ал түнде ол балалардың қасында қалдырылған. Сол арқылы ғалымдар тәуліктің кез келген уақытында әкенің баламен қалай қарым-қатынас орнататынын біліп отырған. Зерттеу нәтижесінде анықталғандай, әкелер қыздарына ерекше қамқорлық танытып, эмоцияларын ашық білдірген. Тіпті, қыздарына жиі ән салып беретін болған.

Ұлдарымен салмақты тілдессе, қыздарын барынша еркелетіп отырған. Сонымен қатар ғалымдар зерттеу нәтижелерін бекіте түсу үшін әкелерді магнитті-резонансты тамографиядан өткізіп, ми жұмысын бақылаған. МРТ барысында ер адамдарға бөтен баланың, ересек адамдардың және ұлы мен қызының суреттері көрсетілген. Өз баласын көргенде мида белсенділік байқалған. Әсіресе, қуанып отырған қыздың суреті әкесіне ұлға қарағанда ерекше әсер еткен. Басқа жағдайда ұлы мен қызын көргенде мидағы белсенділік бірдей болған. Әзірге балалар өскен соң әкенің көңілі қандай болатыны белгісіз.

Дереккөз: egemen.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
19 Қараша 2018, 02:49
МЕН ӨМІРГЕ ҚАЛАЙ КЕЛДІМ?
Пікірлер