BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Ай сайын 6 млн теңге пара алған көлік инспекторлары ұсталды

Фото: irishtimes.com

Алматы облысында ай сайын 6 млн теңге пара алып отырған көлік инспекторлары ұсталып, уақытша қамау абақтысына орналастырылды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Жанна Бастарова Агенттікте ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында өткен аптада тіркелген қылмыстық істерді атады. Оның мəліметінше, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің департаментімен бірлесе отырып, облыстық көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары басқаратын ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатқан.

«Өзінің қылмыстық қызметіне ол өзіне бағынышты 4 қызметкерді – инспекцияның бас мамандарын тартқан. Оның үстіне Алматы қаласы бойынша Көлік инспекциясының 4 маманы оның қылмыстық əрекеттеріне қатысқан. Қылмыстық схемаға Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарын қоса алғанда барлығы 9 адам тартылған. Олар қылмыстық топ құрамында жеке көлік компанияларының өкілдерінен Алматы облысы мен Алматы қаласы автомагистральдық жолдарында ірі габаритті жүктерді тасымалдау ережесін бұзу бойынша әкімшілік шараларды қабылдамау үшін жүйелі негізде пара алды деп күдіктеліп отыр», - деді Бастарова.

Ресми өкілдің дерегінше, ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық кірісі ай сайын шамамен 6 миллион теңгені құраған. Күдіктілер ұсталып, уақытша қамау абақтысына орналастырылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер