BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Адам өлтірген шенеунік қамаудан босатылды

 Астана. 10 шілде. Baq.kz – Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудандық сотында Қарағанды облысының ІІД ЖБ тергеушісінің м.а. ҚР Қылмыстық Кодексінің 296 бабы 2 бөлігімен айыпталушы Ерлан Амантайұлы Өтешевке қатысты бұлтартпау шарасының күшін жою туралы қаулы қаралды деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

 Айыпталушы Е. Өтешов автөкөлік жүргізу барысында абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеті бойынша айыпталып, қамауға алынған болатын.
«Қамау» түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жоюға ҚР Қылмыстық Кодексінің 296 бабы 2 бөлігімен қозғалған Е.А.Өтешовке қатысты істің бітімгершілікке келуіне байланысты ҚР ҚК 67 бабының негізінде істі қысқартуға негіз болған.
Естеріңізге сала кетейік, адам өліміне себепкер болған оқиға кезінде Қарағанды облысы прокурорының орынбасары Александр Огайдың берген мәліметіне сәйкес, Е.Өтешевтің қанында 1,67 промилле көлемінде алкоголь болған.
Е.Өтешов 16 ақпан күні қаладағы Гоголь мен Гудермес көшелерінің қиылысында «BMW Х5» автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, «Toyota Corolla» және «Opel Vectra» көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, үш адам ауыр жарақат алған болатын. « BMW Х5» көлігінің жүргізушісі облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және энергетика басқармасының бастығы Ерлан Өтешев екені анықталған еді.
Соттың қаулысы заңды күшіне енбеген.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер