BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

90-ға жуық азамат көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден қуылды

Фото: habr.com

Астана, BAQ.KZ. Алматыда өткен «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шара барысында ҚР Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған 400-ге жуық мигрант әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жедел-профилактикалық іс-шара екі күн қатарынан өтті. Осы уақыт аралығында шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзудың 25 фактісі анықталды, шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданбағандықтан, 52 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 89 шетелдік азамат, жеке куәлігі жоқ 219 шетелдік азамат елден қуылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер