BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.57 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

52 адамның өлімі: Ақтөбе облысында өртенген автобус бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды

Фото: sputniknews.kz

Жыл басында Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында өртенген автобуста өзбекстандық 52 азаматтың қаза болуына байланысты қозғалған іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"5 адам айыпталушы деп танылды. Оның үшеуі автобус жүргізушісі болса, екеуі – «Азия транзит сервис» серіктестігінің құрылтайшысы мен механигі. Бұл тұлғалар рейске шығар алдында автобусты тексеруі тиіс болған. Олар өздеріне жүктелген міндетті толық орындамады деп айыпталып отыр. Осыған байланысты сот автобус жүргізушілерін қамауға алу жөнінде шешім шығарды. Серіктестіктің басшысы мен механигіне кепіл түрде бұлтартпау шарасы таңдалды. Ал автобус иесіне күзетпен қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы тағайындала отырып, халықаралық іздеу жарияланды" - делінген Бас прокуратураны хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облысында Өзбекстан азаматтары мінген автобус өртеніп, 52 адам қаза болған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер