BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Туған қызын ваннаға батырып өлтірген әйел 12 жылға сотталды

4 жасар қызын ваннаға батырып өлтірген Мәскеу қаласының тұрғыны 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

«32 жастағы әйелге сот үкімін шығару үшін дәлелдер жетерлік. Ол кәмелеттік жасқа толмаған қызының өлімі үшін айыпталып отыр», - дейді РФ Тергеу комитетінің өкілі Юлия Иванова.

Тергеу жұмыстары барысында 2017 жылдың 25 сәуірінде әйелдің туған 4 жасар қызын ваннаға батырып өлтіргені анықталды. Күдікті өз кезегінде тұрмыстың тауқіметі мен бала тәрбиесінен шаршағандықтан осындай қадамға барғанын айтты.

«Сот үкімімен әйел 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді», - дейді Юлия Иванова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер