«Қарызын өтей алмаған» павлодарлық 16-қабаттан құлап мерт болды - Оқиға|11 Маусым 2018, 15:34
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

«Қарызын өтей алмаған» павлодарлық 16-қабаттан құлап мерт болды

Фото: Turkystan.kz

Бүгін 1987 жылғы павлодарлық жоғары қабаттан құлап, оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Бұл туралы агенттік тілшісіне куәгерлер хабарлады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның хабарлауынша, азамат 16-қабаттан құлаған.

«Оқыс жағдайға қатысты шақырту облыстық медициналық жедел жәрдем станциясына бүгін сағат 12.50-те түсті. Дәрігерлер бригадасы Кутузов көшесі 53-ші үйге жедел жетті. Өкінішке қарай, жігіт тілге келместен көз жұмды. Мамандар адамның биологиялық өлімін тіркеді», - дейді Эльмира Темірғалиева.

Куәгерлердің пайымдауынша, азаматтың 16-қабаттан секіруіне мойнындағы қарыздары себеп. Тұрмыстық мәселелер туындаған, осындай қадамға барған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын ішкі істер органдарының мамандары анықтап жатыр.

Айта кетсек, бұған дейін облыс орталығында осы тектес оқиға болған. Шамамен 30 жастағы ер азамат ашуланып, үшінші қабаттан секіріп кетуді көздеген. Абырой болғанда, өзіне-өзі қол жұмсамақ болған тұрғынды дәрігерлер құтқарып қалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 30 жастағы павлодарлық өңірдегі психоневрологиялық диспансердің есебінде тұр. Суицид жасамақшы болған кездегі психикалық жағдайы ушығып кеткен.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер