BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

ШҚО-ны тағы да су басуы мүмкін — ІІМ

Фото: kriminalka.kz

Шығыс Қазақстан облысын тағы да су басуы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз дауылды ескерту алдық. Соны жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындарға жеткіземіз. Жақын күндері бұл апатты жағдай тұрақталды. Бүгін түнгі жағдай қайта қалпына келді. Аягөз аймағында су азайды», - дейді Ильин.

Мұнымен қатар, Ішкі істер министрінің орынбасары Аягөзде төтенше жағдайдан кейін қандай шаралар қолға алынғанын айтып өтті.

«Аягөзде толассыз жауған жауын мен еріген қар суы жүзден астам үйдің су астында қалуына себепші болды. Өзен бұл ағынға төтеп бере алмады. Жалпы алғанда Шығыс Қазақстанда 138 үйді су басты. Бүгінгі таңда ШҚО-да су астында қалған сегіз үй мен аулада суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр», - дейді Ильин.

Министр орынбасарының айтуынша, жақында Алматы қаласы, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны болуы мүмкін.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер