BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

15 жасар қыздардың бес қабатты үйден құлауы оқиғасының жай-жапсары белгілі болды

Фото: sputnik.by

Екібастұз қаласында болған қайғылы оқиғиғаның жай-жапсары белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Оқыс жағдай туралы Екібастұз қалалық білім беру бөлімінің басшысы Жанат Ибраев айтып берді. Мемлекеттік мекеме басшысының айтуынша, екі тоғызыншы сынып оқушысы достарының үйінде қонақта болып, кейін бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.

«Екі қыз құрбы-құрдас болып, жақын араласқан. Екеуі де толық емес отбасында тәрбиеленгені белгілі. Қайтыс болған қыз кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімде есепте тұрған. Яғни, «қиын» жасөспірімдер қатарында болған. Бұған дейін оқушы мамандардың жіті бақылауында болды, алайда мінез-құлығында қандай да бір ауытқушылықтар байқалмады. Сол себепті, осы жылдың тамыз айында есептен шығарылды. Кеше екеуі де күнделікті сабақтарында болды», - дейді Жанат Ибраев.

Көз жұмған қыз анасымен бірге тұрған. Кеше ол апасынан қонаққа баруға сұранған. Десе де, рұқсат алмай, кетіп қалған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, қыз бала жедел-жәрдем қызметінің көлігінде өмірден озған. Екінші жасөспірім Екібастұз қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Еске сала кетсек, бүгін түнде екі 15 жасар қыз бесінші қабаттан құлап кетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер