BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

13 жасар қыз туған әкесіне өзін зорлады деп жала жапты

Жезқазғандық қыз әкесіне жала жауып, оны «Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімді зорлады» деген бап бойынша айыптамақ болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысындағы арнайы аудан аралық сот жезқазғандық 13 жасар қыздың «зорлануына» қатысты резонанс тудырған істі қарастырды.

Сотта айыпталушы орындығында қыздың әкесі отырды. Сотқа дейінгі тергеу барысында қыз өзін бірнеше жыл бұрын әкесінің зорлағанын айтқан. Алайда сот кезінде қыз пікірін өзгертіп, әкесіне жала жапқанын хабарлады.

«Қыз сот отырысында әкесіне жала жапқанын айтты. Осыдан кейін прокурор күдіктіні айыптаудан бас тартып, судья Шалғымбаев істі тоқтатты. Судьяның бұл үкімі заңды күшіне енді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Іс жабық режимде қаралды. Ол тікелей жасөспірімге қатысты болғандықтан материалдар жарияланбайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қазан 2018, 12:42
Қыз ұзатуға
Пікірлер