BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 382.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

«Нұрлы жол» арқылы еліміз бойынша 250 км инженерлік желі жаңғыртылады

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Инвестициялар және даму министрлігі бірқатар жұмыстар атқарып келеді. Назарларыңызға Мемлекеттік бағдарламаның бір саласы – еліміз көлеміндегі жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілері жүйелерін жаңғырту саласында атқарылған жұмыстардың нәтижесін ұсынып отырмыз. Мәліметтер Baq.kz ақпарат агенттігінің арнайы сұрауымен министрліктің жауапты органдарынан алынды.

Аталған сала бойынша 2017 жылы бөлінген 41,1 млрд теңгеге 98 инвестициялық жоба іріктеліп алынды. Олар:

- жылумен жабдықтау желілері - 13,9 млрд теңгеге 19 жоба;

- сумен жабдықтау желілері – 17,5 млрд теңгеге 56 жоба;

- су бұру желілері – 9,5 млрд теңгеге 23 жоба.

Ал жалпы 1185 км желі тарту және реконструкциялау жоспарланып отыр, оның ішінде:

Жылу желілері бойынша – 86,6 км;

Сумен жабдықтау және су бұру желілері – 1097,9 км. Бұдан бөлек тағы да 12 объекті жөнделеді деген жоспар бар.

Бұл бағыт бойынша құрылыс жұмыстары биылғы желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарлануда.

2018 жылғы 1 наурыздағы жай-күйі бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің игерілуі 31,8 млрд теңгені немесе бөлінген қаражаттың 77%-ын құрады.

Еліміз бойынша 821,9 км желі реконструкцияланды. Оның 26,8 км жылумен жабдықтау желілері; 748 км сумен жабдықтау желілері және 47,1 км су бұру желісі. Сонымен қатар, 2 сорғы станциясы салынды.

Осы бағыт бойынша 2018 жылға 34,3 млрд теңге көзделген, оның ішінде 33,4 млрд теңге – бюджеттік несиелеу, 0,7 млрд теңге – бюджеттік субсидиялау, 0,2 млрд теңге – Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) пен оператордың қызметтері.

Жалпы 2018-2019 жылдары кезеңінде көзделген қаражатқа шамамен 250 км инженерлік желілер салып, қайта жаңғырту жоспарланған, оның ішінде:

Жылумен жабдықтау бойынша – 25,3 км;

Сумен жабдықтау және су бұру бойынша – 225,4 км;

Және 18 су шаруашылық объектілер.

Құрылыс мерзімі – 2 жыл.

Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 2019 жылдың аяғына дейін жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілердің тозуы 57%-дан 53%-ға дейін төмендейтін болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер