BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Ертіс өңірінде жергілікті маңыздағы жолдардың 462 шақырымы қолданысқа беріледі

Фото: Автор

Ертіс өңірінде облыстық маңыздағы жолдардың 462 шақырымы қолданысқа беріледі, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында соңғы үш жыл ішінде 2400 шақырым автомобиль жолы салынды және қайта жөнделгенін тілге тиек етіп, өңірлік және қалалық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамыту керектігін айтты. Елімізде бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, 2020 жылға дейін қосымша 4600 шақырым жол пайдалануға беріледі. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Павлодар облысында да тиісті жұмыстар жүргізілмек.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, жергілікті маңыздаығы жолдарды қайт ажөндеуге 12 млрд. теңге бөлінген. Бұл былтырғы жылға қарағанда 20%-ға артық.

Бүгінгі таңда құрылыс компаниялары 11 млрд. теңгені игеріп үлгерген. Басқарма басшысының орынбасары Ринат Қойсоймасовтың айтуынша, құрылыс жұмыстары қараша айының басында толық аяқталып, халық игілігіне беріледі.

«Облыста жол құрылысына қатысты жобалар аймақтың туистік әлеуетін арттыруды да көздейді. Мәселен, Баянауыл ауданында ондаған жылдар бойы жөндеу көрмеген жолдар салынып жатыр. Биылғы жылы 200 шақырымдық жол қайта жөнделді. Ал жергілікті биліктің атсалысуымен ауданның Ескелді шатқалының маңындағы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кесенесіне апаратын жол салынды. Енді қасиетті жерге баруға кедергілер болмайды», - дейді Ринат Қойсоймасов.

Келесі жылы Шарбақты ауданындағы Шалдай ауылына жеткізетін жол инфрақұрылым салына бастайды. Осы арқылы Шалдай орманының сұлу табиғатын тамашалауға келетін туристердің саны артады деп күтілуде.

Салада мәселелер де баршылық. Қазірде облыстық маңыздағы екі бағыттағы жолдың құрылысын қолға алған кәсіпорындар жауапсыз деп танылып, тиісті шаралар қолға алынды.

«Жол құрылысы жоспарын орындамаған мердігерлер жауапсыз деп танылды. Мәселен, Май ауданындағы «Қызыл Октябрь-Ақшиман» бағытындағы жол бойынша мәселелер туындады. Кәсіпорынның жұмысы мен жол сапасы жергілікті атқарушы илік өкілдерінің көңілінен шықпады. Құрылысшылардың салғырттығынан 18 млн. игерілмей қалды», - дейді маман.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер