BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Депутат «Нұрлы жол» бағдарламасындағы жобалардың жүзеге аспай жатқанын айтты

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша кейбір жобалардың уақытында жүзеге аспай жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін Мәжілісте «2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында автомобиль жолдарын дамыту тақырыбында Үкімет сағаты өтті. Атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жасады.

Өз кезегінде Владимир Божко аталған бағдарламада қандай мәселелерге назар аудару қажеттігін мәлімдеді.

«2018 жыл жол құрылысындағы мамандар үшін ауыр болды. 528 шақырымды құрайтын 22 жобаны аяқтап, қалған бағыттар бойынша жұмыстарды жүргізу қажет. Сондай-ақ «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру барысында жүйелі проблемалар бар екенін анықталды. Біріншіден, бұл жоспарға сай жол құрылысы мен жол объектілерін, оның инфрақұрылымын уақытында эксплуатацияға бермеу болып саналады», - деді депутат.

Оның айтуынша, «Қызылорда-Жезқазған» автожолының мәселесін бақылауға алуға қажет. Ол жолдың жобалық-сметалық құжаты дайын екенін айта келе, жолдарды салуға бюджеттен бөлінген қаржының уақытында игерілмей жатқанын атап өтті.

«Аталған жол учаскісі Петропавл, Қостанай қалаларын Жезқазған мен Қызылорда жолдарымен біріктіреді. Сонымен қатар Орталық-Шығыс дәлізінің (Астана-Арқалық-Шалқар) мерзімінде жүзеге аспау қаупі бар. 2017-2019 жылы аталған жобаға бюджеттен 909 млн теңге бөлінген. Алайда 2018 жылы жоспар бойынша 101 млн теңге жұмыстар орындалған. Ал Ақмола облысында тек 16,5 млн теңге ғана игерілген. Мұнда жол құрылысын уақытында аяқтамау қаупі бар», - деді Владимир Божко.

Сөз соңында депутат республикалық маңызы бар жолдарда ақша алу жүйесін орнату мәселесін де бақылау ұстау қажеттін мәлім етті


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер