BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Божко АШМ-ның жол салуға кедергі келтіріп отырғанын мәлімдеді

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Ауыл шаруашылығы министрлігінің автожолдарды салу үшін 4 облыстағы 11 жер учаскісін бермегенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі орман қорындағы 11 жер учаскісін автожолды салуға берудің орнына орынсыз ұзақ келіссөздер жүргізуде. Бұл Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарындағы 118 га жер. Бұл жоба 2015 жылдан бері Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарауында жатыр», - деді депутат Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Айта кетейік, Бүгін Мәжілісте «2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында автомобиль жолдарын дамыту тақырыбында Үкімет сағаты өтіп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер