BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Биыл Астана-Павлодар жолында көлік қозғалысы толық ашылады

Фото: ашық дереккөзден

Биыл Астанадан Павлодарға дейінгі, ал 2019 жылы Қалбатауға дейінгі көлік қозғалысы толық ашылады. Бұл туралы Үкімет сағатында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Сәулелік принцип бойынша Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс және Орталық-Батыс дәліздерінің реконструкциясы жүргізілуде. Реконструкциялау жұмыстары 2013 жылы басталған Орталық-Оңтүстік дәлізінің ұзақтығы 1 289 шақырымды құрайды. Дәліз толығымен бірінші техникалық категорияға ауыстырылады. 2013-2017 жылдар аралығында Астана-Теміртау (171 км) және Алматы-Қапшағай (104 км) учаскелерінде қозғалыс ашылды. Биыл Теміртау-Қарағанды (14 км) учаскесіндегі қозғалысты ашамыз. Қарағанды қаласының айналма жолында (48 км) және Құрты-Бурылбайтал (228 км) учаскесінде жұмыстар жүріп жатыр», - деді Қасымбек Мәжіліс үйінде өткен жиында.

Сонымен қатар, министр биыл қазан айында Батыс Еуропа – Батыс Қытай жобасының ағымдағы займдарын үнемдеу есебінен Балқаш-Бурылбайтал (297 км) учаскесінің реконструкциясын бастауға келісімшарт жасау жоспарланып отырғанын айтты.

«Құрметті депутаттар, займ жөніндегі келісімді тез арада ратификациялау бойынша көмек берулеріңізді сұраймын. 2019 жылдан бастап мемлекеттік кепілдік займдары есебінен Қарағанды-Балқаш (363 км) және Құрты-Қапшағай (67 км) учаскелерінің реконструкциясын бастау жоспарлануда. Жалпы, жоба 2022 жылы аяқталады деп болжап отырмыз», - деді Жеңіс Қасымбек.

Ведомство басшысының айтуынша, ұзақтығы 904 шақырым болатын Орталық-Шығыс дәлізінің реконструкциясы толық қарқында жүргізілуде. Бүгінгі күні Астана-Павлодар (200 км) және Павлодар-Семей-Қалбатау (204 км) учаскелерінде қозғалыс ашық. Биыл 500 шақырымда жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде 239 шақырым жол осы жылы, қалған 261 шақырым 2019 жылы аяқталады. Осылайша биыл Астанадан Павлодарға дейінгі, ал 2019 жылы Қалбатауға дейінгі қозғалыс толық ашылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер