BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 431.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің экономикалық пайдасы 200 млрд теңгеге жуықтады

Фото: ашық дереккөзден

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің экономикалық пайдасы 200 млрд теңгеге жуықтады. Бұл туралы Үкімет сағатында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мемлекеттік бағдарлама аясында 2015-2017 жылдары халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдардың құрылысы мен реконструкциясына 932 миллиард 4 миллион теңге бөлінді. Оның ішінде Ұлттық қордан – 472,8 млрд теңге. Бөлінген қаржы еліміздің барлық аймақтарында 5,6 мың шақырымнан астам жолға құрылыс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді. 3 жылдың қорытындысы бойынша 1,8 мың шақырым жолда қозғалыс ашылды. Барлық жобаларға 80 мыңға жуық адам тартылды. Отандық өндірушілер материалдарының үлесі 95%-дан асады», - деді Қасымбек Мәжіліс үйінде өткен жиында.

Министрдің айтуынша, 2016 жылы аяқталған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі мемлекет экономикасына оң әсерін тигізді. Бұл жоба - бағдарламаның басты көрсеткіші. Жүк тасымалдау көлемі (33 млн тонна) және транзиттің (900 мың тонна) 2,5 есеге артуы есебінен жинақталған жылдық орташа экономикалық пайда 190 млрд теңгені құрады. Жолда жүру уақыты 2 есеге, жол-көлік оқиғалары 27%-ға, өлім-жітім 35%-ға қысқарды.

«Дәліздің бойында жол пайдаланушыларына сапалы қызмет көрсететін, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытуға серпін беретін 277 жол бойындағы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Ондағы 73 нысан соңғы жылдары құрылды. Атап өтсек, Жамбыл облысында 23 бірлік, ОҚО-да 19 бірлік, Қызылорда облысында 16 бірлік, Ақтөбе облысында 15 бірлік ашылды», - деді Жеңіс Қасымбек.

Министрдің айтуынша, елімізде қазіргі заманғы көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және оны халықаралық көлік жүйесіне интеграциялау, сонымен қатар Қазақстан арқылы өтетін транзит ағымын ұлғайту жұмыстары Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында қарқынды іске асырылып жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер