BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 344.58 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 400.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

«Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы пайда тапқысы келген мемлекеттік қызметкерлер ұсталды

Қостанай облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы көлеңкелі табыспен мемлекеттік қызметкерлер қалталарын қампайтпақ болған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қостанай облысында кәсіпкерлер субъектілерінің мүдделерін қорғау бойынша қылмыстық сызба әшкереленді. Яғни Қостанай қаласы Құрылыс бөлімінің мемлекеттік сатып алулар секторының меңгерушісі Жүнісов облыстық мемлекеттік сәулет құрылыс басқармасының бас маманы Құланбаевпен сөз байласып, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңіп шығуға көмек көрсеткені үшін 30 млн теңге көлемінде пара алған деп күдікке ілінді. Қазіргі таңда сот санкциясымен Жүнісов пен Құланбаев қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деді ресми өкіл брифингте.

Сонымен қатар Нұрлан Жахин «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы пайда тапқысы келген кәсіпкерлерге тоқталды.

«Түркістан облысында парақорлық дерегі бойынша Шымкент қаласы әкімдігіне бағынышты кәсіпорын яғни «Тұрғын үй Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мұхамеджан және оның орынбасары Бақбергенов ұсталды. Олар «Нұрлы жер» тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Шымкент қаласының тұрғын үйлерін жөндеу бойынша мердігерлік жұмыстарды жүргізуіне шарттар жасағаны үшін 5,1 млн теңге соммасында заңсыз сыйақы алған деп күдікке ілінді», - деді ол.

Оның айтуынша, аталған сомма жалпы мердігерлік жұмыстарды жүргізуге бөлінген 34 млн теңгенің 15%-ін құрайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер