BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Биыл елімізде 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

2018 жылы 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл туралы ҚР Инвестициялар жəне даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Биыл 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112%-ға артық. Осылайша биылғы жылдық жоспар - 12,1 млн шаршы метр 64%-ға орындалды. Жоспар жыл соңына дейін толық көлемде орындалады. Жалпы, республика бойынша барлығы 67 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді. Оның ішінде 27 мыңға жуық жеке үй бар. Айта кететіні, бұрын жеке тұрғын үй салу құрылысы басым болса, қазір көпқабатты үйлердің көлемі артты", - деді ОҚК брифингі барысында Ж.Қасымбек.

Министрдің айтуынша, 67 мың баспананың 40 мыңы - көпқабатты үй. Бұл тұрғын үйдің барлығы "Нұрлы жер" жəне "7-20-25" бағдарламасы аясында салынған.

"Осы жұмыстың барлығына тұрғын үй құрылысын ынталандыру саясатының іске асуы, халықтың әлеуметтік топтарына қолжетімді кредиттік және арендалық үйлер құрылысы арқылы қолдау көрсету сеп болып отыр", - деді Жеңіс Қасымбек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер