BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Атырау облысында 677 отбасы қоныс тойын тойлайды

Атырау облысында «Бәйтерек девелопмент» АҚ - «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымының қаржыландыруымен 40,5 мың ш.м тұрғын үй салынды. Жуықтағы үш айдың ішіне Атырау қаласында төрт 9 қабатты 72-пәтерлі үй «Балықшы» тұрғын аумағында, екі 9 қабатты 72-пәтерлі үй Баймұханов көшесінде және «Тұлпар-2» тұрғын үй кешенінде пайдалануға беруді күтуде. Бүгінгі таңда жаңа салынған үйлердің ауласын абаттандыру мен инженерлік коммуникация жүргізу жұмыстары аяқталуда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Барлығы 677 пәтер бөлінеді. Баспананың бір шаршы метрі ҚТҚЖБ салымшыларына 184 мың теңгеден аспайды.

«Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаев атап өткендей, «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы бойынша алынған үйлердің басты артықшылығы оның бағасы мен сатып алушы үшін ешқандай қаржылық жоғалту тәуекелі жоқ.

«Атап айтқанда,әулетті сатып алушыларда баспананы салып жатқанда өздерінің қаражат жинақтарын жоғалтып алу тәуекелі жоқ, өйткені, «Бәйтерек девелопмент» АҚ тұрғынжайларды нысан салынып болған соң және құрылыс салушылар келісім бойынша өз міндеттемелерін толықтай орындағаннан кейін пайдалануға беріп, өткізіледі. Инвестициялау келісімшарттарында құрылыстың аяқталу мен Қоғамға дайын пәтерлерді берудің нақты мерзімі белгіленеді,сонымен қатар, құрылыс салушылар мерзімінде аяқтамайтын болса, айыппұл санкциясы бар» ,- деп түсіндірді А.Өсербаев.

ТҚЖБ салымшыларының арасында бөлінбей қалған үйлер, жергілікті атқарушы органдар кезегіндегілеріне алдымен жалға алып сосын сатып алу тәсілімен өткізілетін болады.

Еске сала кетейік, «Бәйтерек девелопмент» АҚ – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы – «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасының, жалға беру және несиелік құрылысты қаржыландыру тәсілі бойынша операторлардың бірі болып табылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер