BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Өскемен мен Баян-Өлгей бауырлас қалалар атанбақ

Даниал Ахметов Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы әкімі Ғылымхан Айыппен кездесті. Қос тарап білім беру, туризм және бизнес салаларында өзара тиімді серіктестік орнату жайында әңгіме қозғады. Моңғолиялық деллегация Өскемен мен Баян-Өлгейді туыстас қалалар ету ниетімен бөлісті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу шеңберінде Баян-Өлгей аймағының басшысы аймақтарының туристік әлеуеті, онда жыл сайын өтіп тұратын халықаралық бүркітшілер фестивалі туралы сөз қозғап, бұл жарқын іс-шара шығысқазақстандықтардың да қызығушылығын оятуы мүмкін деген ойымен бөлісті.

Сондай-ақ, кездесу барысында Баян-Өлгейдегі көшелердің біріне Өскемен немесе Шығыс Қазақстан атауын беру туралы да ұсыныс білдірілді.

– Бауырлас қалалар болу туралы ұсыныстарыңызды қолдаймын, Өскемен қаласы әкіміне осы бағыттағы жұмыстарды тездеп қолға алуды тапсырамын, - деді Даниал Ахметов.

Кездесу соңында Шығыс Қазақстан облысы мен Баян-Өлгей аймағы арасында серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер