BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Моңғолиядан Қазақстанға келе жатқан шағын автобус жол апатына ұшырады

Ресейдің Таулы Алтай өлкесінде шағын автобус апатқа ұшырады. Көлікте Моңғолияның 15 азаматы болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Автокөліктегілердің 12-сі зардап шеккен, барлығы ауруханаға жатқызылды.

Жол апаты бейсенбіден жұмаға қараған түні «Чике-Таман» асуынан түсер жерде, Р- Р-256 «Чуйский тракт» тас жолының 659-шы шақырымында болған.

Өңірдің апат медициналары орталығы жарақаттанған 12 азаматты тікұшақпен Таулы Алтайға жеткізу жоспарланғанын мәлім етті.

Зардап шеккен азаматтардың жағдайы орташа дәрежеде ауыр деп бағалануда.

«Чике-Таман» бекеті табиғи ескерткіш болып есептеледі, ол Моңғолиямен шекараласатын М-52 федералдық магистралынан өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер