BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Моңғолияда бүркітші қыздар арасында сайыс өтті

Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына қарасты "Улаанхус" (Қызыл қайың) ауданында бүркітші қыздар арасында сайыс өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

montsame.mn агенттігінің хабарлауынша, Моңғолия қазақтары арасынан шыққан алғашқы әйел бүркітші Алма Қожамжарқызын еске алуға арналған бұл сайысқа Баян-Өлгей амағына қарасты Алтай, Сақсай, Ұланқұс, Тұлба аудандарынан 8 бен 16 жас аралығындағы 12 бүркітші қыз қатысты.

Бүркітші қыздар қырандарын баптап, оны қайырып, шырғаға шақыру бойынша сайысты. Жарыс қорытындысы бойынша Ұланқұс ауданының жас құсбегісі Н.Сұлушаш бас бәйгені иеленсе, Б.Балдыр, С,Ақелік қатарлы бүркітшілер алдыңғы үш орынды бөлісті.

Бұл сайысқа Баян-Өлгейден шыққан танымал бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы қатысқан жоқ. Себебі ол осы кезде Қазақстанда жүр.

Естеріңізде болса, 2014 жылы ағылшынның "Daily Mail" басылымы құсбегілік өнерін игерген 13 жастағы қазақ қызы туралы мақала жариялап, Баян-Өлгейден шыққан бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызын бүкіл әлемге танымал етті. Осыдан кейін режиссер Отто Белл "Бүркітші қыз" (The Eagle Huntres) атты деректі фильмді түсірді. Аталған фильм Оскар сыйлығына үміткер үздік 15 фильмнің қатарына да енген болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер