BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

"Қазконтент" АҚ журналисі Сарай Асқанбайұлы атындағы эссе байқауының жеңімпазы атанды

Моңғолия қазақтарының алғашқы əкімшілік бірлігі - Шеруші хошууны орнауына 95 жыл, сұмын мəртебесін иеленуінің 80 жылдық торқалы тойы қарсаңында белгілі мемлекет жəне қоғам қайраткері, тарихшы-ғалым Сарай Асқанбайұлы атында ұйымдастырылған эсселер байқауының жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

"Байқаудың мақсаты - қасиетті туған жеріміз – Қызыл-қайың топырағының тарихын түгендеу. Сұмынымыздың тумасы, ұлы тұлға Сарай Асқанбайұлының есімін жерлестері арасында ұлықтау. Сұмын тумалары мен тойшы қауымға тарихи-танымдық тақырыптарда туған жері туралы қызықты, ғылыми мәліметтер беру. Сол арқылы сұмын тарихына қатысты тың дүниелердің жазылуына мұрындық болу. Сонымен қатар, алыс-жақындағы исі қазаққа атажұрттан жырақтағы қазақтан шыққан нар тұлғаларды таныту" - дейді ұйымдастырушылар.

Байқаудың қазылар алқасы:
1. Айнагүл Сарайқызы - қазылар алқасының төрайымы, "Арулар" одағының төрайымы, Моңғолия жəне ҚР ақпарат саласының үздігі.
2. Ербол Бейілхан - қазылар алқасының мүшесі, ақын-жазушы, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық Поэзия Академиясының академигі.
3. Зүлмира Жаубайқызы - қазылар алқасының мүшесі, тілші-ғалым, "Ару жұлдыздар" журналының сарапшысы.
4. Ислам Шəжейұлы - қазылар алқасының мүшесі, əдебиеттанушы.
5. Айбек Сарайұлы - аймақтық салық комитетінің инспекторы, Сарай Асқанбайұлы шаңырағының егесі.

Осындай бес адамның қазылық етуімен жүлделі орындар төмендегідей:

Бас жүлде - Асылбек Байтанұлы, ҚР Астана қаласы, "Қазконтент" АҚ "Әдебиет порталы" редакторы.
1-орын - Əскерхан Ақтай, ҚР Өскемен қаласы.
2-орын - Нұрбол Қанағатұлы, ҚР Алматы қаласы.
3-орын - Дана Исағұлқызы, Баян-Өлгий аймағы, Өлгий сұмыны.

Жүлдегерлерді марапаттау рəсімі 25 шілде күні өтеді.

Сарай Асқанбайұлы – көп жыл Орталық партия комитеті Министрлер кеңесінде жауапты қызмет атқарған, 16 жыл Баян-Өлгей және Бұлғын аймақтарын басқарған, төрт мәрте Ұлы Құрыл депутатына сайланған, Моңғолия қазақтарына белгілі адам. Сонымен қатар ол кісі – тарихшы, Баян-Өлгей аймағы және қазақ-ұранқай тарихын алғаш зерттеп, кітап етіп шығарған тарихшы. Моңғолияның Демократиялық жаңа Негізгі заңын талқылап, бекітушілердің бірі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер