BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Баян-Өлгийде қазақ фотографтың көрмесі өтіп жатыр

Баян-Өлгей аймағының орталық алаңында осы аймаққа қарасты Дэлүүн ауданының тумасы, жас фотограф Нұржас Нұрбекұлының "Асқар таулар арасындағы әлем" атты көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Таулартың керемет сәтін фотокамераға түсіруді жаны сүйетін фотограф көрмеге соңғы бес жылда түсірген 50-ге жуық суретін ұсынды.

"Суреттерімнің көбінде туған жердің тұмса табиғаты, қазақ халқының салт-дәстүрі, тыныс-тіршілігі көрініс тапқан. Тағы бір қызығы, бұл осы аймақта алғаш рет ұйымдастырылған фотокөрме деп айтуға болады. Көрменің негізгі мақсаты туған жердің сұлу табиғатын, онда өмір сүріп жатқан халықтың далаға деген сүйіспеншілігін насихаттау" - дейді Нұржас Нұрбекұлы.

Жас фотограф өзінің бұл саладағы қадамын 2015 жылы Моңғолия фотографтар одағы ұйымдастырған көрмеге қатысумен бастаған. 2016 жылы Моңғолияда 400-ге жуық фотографтың 2800-ден астам фотосы қойылған "Моңғолия, моңғолиялықтар менің көзіммен" атты байқауда Нұжастың көшпенділердің қысқы өмірін бейнелейтін "Моңғолия - менің Отаным" топтамасы бас жүлдені жеңіп алған болатын.

Сонымен қатар, 2017 жылы Нұржас Нұрбекұлының еңбектері "Моңғолия фотографиясы" байқауында үздік 100 жұмыстың бірі болды.

"Баян-Өлгей аймағын талай рет айналып шықтым. Алдағы уақытта Моңғолияның барлық жерін және әлемдегі ең көркем жерлерді көріп, фотоға түсірсем деймін" - дейді жас суретші.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер