BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

Баян-Өлгейде Ақыби Момбай әндерін орындаудан ән байқауы өтті

Биыл Астана қаласында өтеді деп жоспарланған Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы аясында шетелде өмір сүрсе де, қазақ мәдениетінде өшпес із қалдырған Моңғолиядағы қазақ композиторы Ақыби Момбай әндерін орындаудан студенттер арасында ән байқауы өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Байқау Ховда университетінің залында өтті.

«Байқаудың мақсаты ұлтық этнографиялық және қазақы құндылықты сіңірген сазгер Ақыби әндерін дәріптеп, студентерді қазақ өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, рухани, адамгершілік және көркемдік дамуын қалыптастыру мақсатында жүргіздік», – дейді музыка пәнінен дәріс беретін ұстаз Бибігул Ләтфқызы.

Ән байқауына Дүниежүзі Қазақтары қауымдастығының өкілі ретінде Қабсаттар Омар құрметті қонақ ретінде қатысса, жоғары оқу орнының директоры, доктор Гаура Сәбихан, ұстаз Сағым Бейбітшілік және Рәзия Ақыбиқызы әділқазылық жасады.

Бұл байқауда 16 студент бақ сынап, жанды дауыспен ән айтты.

Қазылар шешімімен 1-орын Айтолқын Бақытқызына, 2-орын Нұржан Бақытханқызына, 3-орын Алтынгүл Асылбайқызына бұйырды.

Сазгер әулеті байқауға қатысқан барлық студентке сый-сияпат жасады. Жергілікті сазгерлердің шығармасын насихаттауға сіңірген еңбегі үшін аймақтық мәжіліс төрағасы Бауыржан Дәлел арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер