BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Тегін тіл үйрету курстары жалғасады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен «Мемлекеттік тілді үйрету элиталық курсы» Мәдени мекемесі Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес этномәдени орталықтар жанындағы жексенбілік мектептерде қазақ және ана тілдерін оқыту курстарын ұйымдастырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Дәстүрлі курсқа этностық топтардың өкілдерін, ұлттық-мәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелерін, ұлттық (ана) тілін оқып үйренуге мүдделі өзге де азаматтарды тегін оқуға шақырады. Оқу курс мерзімі үстіміздегі жылдың маусым-қараша аралығы. Тіл үйренушінің жасына шектеу жоқ.

Бұл тілдік курстарында мемлекеттік (қазақ тілі) және этностардың (армян, әзірбайжан, балқар, белорус, болгар, венгр, грек, грузин, дүнген, еврей, корей, күрд, қырғыз, молдаван, неміс, орыс, осетин, өзбек, поляк, татар, тәжік, түрік, түркімен, украин, ұйғыр, шешен) тілдерін үйретеді.

Оқытудың бағдарламасын игеру нәтижесі бойынша тыңдаушыларға сертификат табысталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер