Республикалық мүсіншілер сайысына әйелдер де қатысуда - Мәдениет|08 Тамыз 2018, 10:47
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Республикалық мүсіншілер сайысына әйелдер де қатысуда

Фото: Автор

Әйел затының мүсінмен айналасуы өте сирек кездесетін құбылыс. Дегенімен қыздар еш нәрседен қорықпай, өзін көрсете алатын қызмет саласын таңдай білгені дұрыс. Бұл жайында мүсінші Гулфия Мелдеш БАҚ өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Сәуір айында Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында «Cultural Dialogue» қоғамдық қоры Қазақстан мүсіншілері, сәулетшілері және суретшілерінің арасында «Ғылым мен өнер коды» атты Республикалық ашық байқаудың басталғанын жариялаған еді. Байқаудың мақсаты – денсаулық сақтау саласында инновациялық технологияны бейнелейтін монументалды мүсіннің үздік эскиздерін анықтау. Шараның бастамашысы әрі бас демеушісі – қазақстандық фармацевтикалық SANTO компаниясы.

Сайысқа қатысуға 56 кәсіби мүсінші өтінім білдірген. Жүлделі орын үшін Алматы мен Астананың ғана емес, Атырау, Өскемен, Шымкент қалаларының суретшілері де бақ сынайды. Мүсін сайысына қатысуға сегіз мүсінші әйел ниет білдірген, олар барлық қатысушылардың 15% құрайды екен.

Ұйымдастырушылар БАҚ өкілдері мен блогерлерді сайысқа қатысып жатқан мүсіншілердің шеберханасына апарып, олардың жұмысымен таныстырып отырады. Осы жолы мүсінші Гулфия Мелдешттің шеберханасында болып, оның шеберлігіне тәнті болып қайттық.

Ағаш ою, мәрмәр және гранитті өңдеу, қола құю – әйел адам үшін өте ауыр жұмыстар. Дегенімен мүсінші Гулфия Мелдеш, қыздар еш нәрседен қорықпай, өзін көрсете алатын қызмет саласын таңдай білгені дұрыс деген ойда.

«Біз өз қабілеттерімізге сенуіміз керекпіз. Сонда ғана басқалар бізге сенеді! Мүсінмен айналысатын әйел адамдардың саны ер адамдардан аз болғанымен, олар дәл солар секілді өздеріне ұнайтын кәсіппен айналысады және бұл олардың қолдарынан келуде»,-дейді мүсінші.

Кездесу барысында Гульфия өзінің шеберлігімен бөлісіп, шамот пен қалай жұмыс жасау керегін және қоланы тегістеп, ажарлау әдісін көрсетті.

Гулфия Мелдеш – Қазақтранспорт және байланыс академиясының қасындағы Мұхамеджан Тынышпаев мүсінінің, Шу станциясындағы Тұрар Рысқұлов мүсінінің, режиссер Асанәлі Әшімов мүсінінің авторы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер