BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Мұстафа Шоқай туралы жаңа деректі фильм жарыққа шықты

Фото: qasym.kz

Мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай жайында түсірілген «Ардағы еді түркінің» атты деректі фильм көрермен назарына ұсынылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kyzylordatv.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында мемлекеттік және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай туралы «Ардағы еді түркінің» атты деректі фильм көрсетілді. Деректі фильм авторы – дүниежүзілік «Алтын сапран» кинофестивалінің жүлдегері Доқтырхан Тұрлыбек.

Бағдарламаның «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» атты мақаласында Мемлекет басшысы аймақтың тарихын зерделеу, белгілі тұлғалар туралы әңгімелеп, жас ұрпаққа үлгі болуға тапсырма берді. Осы мақсатта «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, «Алтын Сафран» халықаралық кинофестивалінің жүлдегері Доқтырхан Тұрлыбеков аудиторияға Мұстафа Шоқайдың өмірі жайлы деректі фильм ұсынды. Кинолентаны әзірлеуге 20 жыл уақыт кеткен.

Фильм барысында оның өмір жолы толықтай баяндалып, қызмет жолындағы қиындықтары бейнеленген. Туындыда ел көп біле бермейтін деректер қамтылған.

«Осының нәтижесінде саяси қайраткердің бітім-болмысын жан-жақты аша алдық деген ойдамын. Мұстафа Шоқай кешегі соғыс жылдарында 140 мыңнан астам түркі тектес халық өкілдерін неміс тұтқынынан босатуға көмек бергенін тарихтан жақсы білеміз», - дейді режиссер Д.Тұрлыбек.

Деректі фильмді орыс, ағылшын, испан және түркі тілдеріне аудару жоспарланған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер