BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

ҚР Мемлекеттік хатшысы Тараздағы сән апталығының ашылуына қатысты

Фото: ашық дереккөзден

Таразда халықаралық сән апталығы басталды. Бүгін Таразда «Aspara fasion week» халықаралық сән апталығының салтанатты ашылу шарасы өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгінгі сән апталығы Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Әйткенмен, «Aspara fasion week» шарасы тек осы екі елдің ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттердің сән саласындағы мамандарының қарым-қатынасын нығайта түспек. Бұл сән апталығы мәдени құндылықты дамытуға, үлттық киім үлгілерін насихаттауға, сондай-ақ, қазақстандық дизайнерлердің туындыларын сүйемелдеуге ықпал етеді. Қазақта «өнерді сыйлаған – өрге шығады» деген дана сөз бар. Бүгінгі шара мәдениет пен өнерді дамытудағы елеулі бір белес болады деп сенемін», - деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова.

Салтанатты шараға қатысқан Өзбекстан Республикасының Әйелдер комитеті төрайымының орынбасары Мукарам Нурматова шараның маңызына тоқталып, бұл екі елдің сән саласындағы қарым-қатынасын дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Ашылу салтанатында халықаралық деңгейде танымал тараздық дизайнер Айдархан Қалиевтің коллекциясын таныстырылды.

Сән апталығына Еуропа мен Азиядан келген 30 жуық сән сарапшысы мен 18 елдің 33 дизайнері қатысып отыр. Шара 8-11 қазан аралығында өтіп,, дәл осы күндері көрермендер Германия, Польша, Қытай, Таиланд, Ұлыбритания, Нидерланы, Моңғолия, Түркия, Үндістан, Өзбекстан, Ресей дизайнерлерінің туындыларын тамашалай алады.

Айта кету керек, «Aspara fasion week» шарасының екінші маусымы. Бірінші маусымы 2018 жылдың мамыр айында Шымкент қаласында өткен болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер