BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Қазақ хореографиясына арналған тұңғыш журнал жарыққа шықты

Фото: Абзал Қалиев

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Қазақ ұлттық хореография академиясының «Arts Асаdemy» жаңа ғылыми журналының тұсаукесерін жасады, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

«Arts Academy» - бұл хореографиялық өнер және жалпы өнер саласындағы алғашқы қазақстандық мамандандырылған басылым. Журналдың халықаралық редакциялық алқасына шетелдік елдердің озық мамандары кірді. Әлбетте, «Arts Асаdemy», сарапшылар қазіргі ғылыми проблемаларға өздерінің кәсіптік көзқарасын білдіре алатын, өздерінің оқыту әдістемесін айта алатын, өнер саласында өткізілген іс-шаралар туралы әсерлермен бөлісе алатын үздік коммуникативтік алаң болады» - дейді журналдың бас редакторы, Қазақ ұлттық хореография акедемиясының бірінші проректоры, профессор, педогогика ғылымдарының докторы Гауһар Алдамбергенова.

Журналдың тұсаукесерінің салтанатты рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының Президенті (China National Petroleum Corporation немесе CNPC) Чжан Цзяньхуа қатысты.

«Екі айда бір шығатын бұл журнал осы саладағы тұңғыш журнал. Әзірге 5000 данамен екі айда бір рет шығатын журнал Қазақстан аумағына ғана таралады. Алайда, алдағы уақытта басылымның таралым аумағын кеңейтіп, әлемнің бірнеше мемлекетіне тарату ойда бар» - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сондай-ақ, тұсаукесерге редакциялық алқаның шетелдік мүшелері, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, шығармашылық жоғары оқу орындарының, ғылыми өнер институттарының, ғылым бөлімдерінің басшылары, атақты ғалымдар қатысты.

Тұсаукесер рәсімін жасамас бұрын министр қытайлық қонақтарға тамаша балет қойылымын тамашалатып, жақында ғана Елордада бой көтерген «Астана балет» ұлттық хореография акедемиясының ғимаратымен таныстырды.

Осы орайда айта кетерлік бір жай, аталған ғимаратты салуға қытайлық мұнай-газ компаниясы «China National Petroleum Corporation» немесе CNPC қаржы бөлген екен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
24 Қазан 2018, 09:37
Жаңа күнім - жаңа бағым
Пікірлер