BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

ХХІ Халықаралық «Шабыт» фестивалі өтеді

Астанада жыл сайынғы «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестиваліне қатысуға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қалалық әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биылғы байқауда 16 мен 35 жас арасындағы дарынды жасатар бес номинация бойынша бәсекеге түспек. Атап айтқанда, «Классикалық музыка», «Халық музыкасы», «Эстрадалық вокал», «Хореография» және «Журналистика». Байқау 5-9 қараша аралығында Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

Ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Классикалық музыка» номинациясында келесідей ішкі номинациялар болады: «Ағаш үрмелі аспаптар», «Мыс үрмелі аспаптар», «Соқпалы аспаптар», «Камералық ансамбль»; «Халық музыкасы» номинациясында «Қобыз», «Прима қобыз», «Шертер», «Бас шертер», «Прима домбыра»; «Хореогоафия» номинациясында тек халық биін орындаушылар ғана өнер көрсетеді.

Ал «Журналистика» номинациясында екі бағыт қосылды – «Телевидение» және «Интернет ресурстар».

Айта кетейік, «Журналистика» «Шабыт» фестивалінің бағдарламасында соңғы рет 6 жыл бұрын болған. Биыл Астананың 20 жылдығын мерекелеуге орай аталған номинация қайта енгізілді. Байқауға мерейтойлық датаға және елордаға арналған телевизиялық бағдарламалар, деректі фильмдер (хронометражы 20 минуттан аспайды) және Интернет ресурстардағы жарияланымдар қатысады.

Әр номинация бойынша толық ереже ХХІ «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің www.shabyt.astana.kz сайтында және Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының www.madeniet-sport-astana.kz сайтында жарияланған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер