USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Халықаралық айтыста қызылордалық ақын автокөлік жеңіп алды

Фото: informburo.kz

Қызылордада ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Халықаралық ақындар айтысы аяқталды, деп хабарлайды Baq.kz.

Айтыскер ақындардың өнеріне баға берген қазылар алқасының шешімімен Гран-при мен Volkswagen автокөлігі қызылордалық Мұхтар Ниязовқа бұйырды. Қытайдан келген қандасымыз Ұларбек Минатхан бірінші орын және Лада көлігін иеленді.

Астанадан Серікзат Дүйсенғазин мен Сара Тоқтамысова екінші орын және 700 мың теңгеден алды. Қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан мен қарағандылық Дидар Қамиев үшінші орынды қанағат тұтты. Олардың әрбіріне 500 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Қырғызстаннан ат терлетіп келген ақындар Элмирбек Иманалиев пен Асылбек Марат арнайы жүлде – 400 мың теңге және Манас батыр бейнеленген, күріш дәндерінен жасалған картинаға ие болды.

Жүлделі орындарға іліге алмаған қалған ақындар 150 мың теңгеден алды, деп жазады informburo.kz.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады