BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Дархан Кәлетаев жастардың шығармашылық фестивалін тамашалады

ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Астананың 20 жылдығына арналған «Жан жүрегім – Астана!» атты жастар шығармашылық фестивалін тамашалады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Фестиваль аясында автошеру флешмобы, шахмат бойынша блиц-турнир, күйді орындау, би батлы, қолөнершілер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараға Астана қаласының әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, түрлі жастар ұйымдарының өкілдері мен әншілер қатысты.

ҚР Қоғамдық даму министрлігі Жастар саясаты департаменті директоры Асхат Оралов аталған фестиваль жастардың азаматтық және шығармашылық белсенділігін арттыруға бағытталғанын айтты.

«Жастардың бастамасы әрқашан қолдауға ие. Осы шараға көптеген жастар ұйымдары қатысып жатыр. Сондай-ақ аталған шараға Қыдырәлі Болманов, Бейбіт Қорған, ағайынды Жүгінісовтар, Ринат Мальцагов сынды әншілер қолдау көрсетті. Әншілер жастарға қолдау көрсетуге дайын», - деді ол.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер