BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Астананың мәдени-тарихи ескерткіштері ақпараттық технологиялар тілінде сөйлейді

Астананың 45 ескерткішінде және тарихи-мәдени нысанында алты тілде ақпарат жинақтаған QR-коды бар тақтайшалар орнатылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қысқаша, танымдық, қолжетімді түрде. Енді қала тұрғындары мен қонақтары аса бір қиналмастан ескерткіш немесе тарихи ғимарат туралы ақпаратты біле алады. Осы жазда Астананың 45 ескерткішінде және тарихи-мәдени объектісінде алты тілде ақпарат жинақтаған QR-коды бар тақтайшалар орнатылды. Көз алдыңызда тұрған ғимарат немесе ескерткіш жайлы ақпарат білгіңіз келсе штрих кодка телефоныңызды тақасаңыз болғаны. Бастысы, сіздің ұялы құрылғыңызда QR-код оқитын сканер немесе арнайы мобильді бағдарлама жүктелген болуы керек.

«QR-код орнату Астана қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша жасалды. Біз тек ескерткіштің немесе ғимараттың қандай құндылығы бары туралы, ғимарат авторы және басқа да қызықты ерекшеліктері туралы қысқаша ақпарат бердік», - дейді Астана қаласы әкімдігінің тарихи мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекциясының директоры Мейрамбай Оралов.

Тегтелген ғимараттар мен құрылыстар арасында – Кеңес одағының батырларына арналған ескерткіш, ұлы жазушыларға және тарихи тұлғаларға, көпестік үйлер, театрлар, монументтер, Жастар театры және басқалар бар. Мысалы, ұялы телефон арқылы «Астана» концерт залы ғимаратындағы QR-кодты оқысаңыз онда ол ғимараттың қай жылы салынғанын, бас сәулетшісі кім екендігін, ең қызықты оқиғалар, ғимарат туралы ақпарат аласыз.

Иван Панфилов ескерткішіндегі QR-кодты оқытсаңыз батырдың Ұлы Отан соғысындағы ерліктерді туралы баяндайды. Бұндай QR-коды бар тақтайшалар Астананың 45 ескерткіші мен тарихи-мәдени нысанына орнатылған. Жұмыс жалғаса беретін болады.

«Бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай да жалғаса береді, себебі қаламызда жыл сайын мәдени-тарихи зор мәнге ие орындар, монументтер, ескерткіштер пайда болуда», - дейді М. Оралов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер