BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Астанада кавказ мәдени күндері өтеді

Фото: astana.gov.kz

19 қазанда «Хан Шатыр» ойын-сауық сауда орталығында Этнос күні аясында және Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының қолдауымен, «Кавказ мәдениеті күні» іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты – кавказ мәдениеті мен тілін, сондай-ақ халықтық салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды сақтауға және дамытуға, ұлттық зияткерлікті, рухани-адамгершілік құндылықты қалыптастыруға бағытталған. Этнос күні іс-шарасына Астана қаласының этномәдени бірлестіктері қатысады. Олар: «Вайнах» шешен-ингуш ЭМО» қоғамдық бірлестігі, «Ван» армян мәдени орталығы, «Хазар» әзірбайжан қоғамдық бірлестігі және «Колхети» грузин қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі.

Фестиваль бағдарламасы бойынша этномәдени бірлестіктердің вокальдық және би ансамблдері өнер көрсетіп түрлі сарынмен әндер шырқалады. «Кавказ мәдениеті күні» іс-шарасын қорытындылау сәтінде «Вайнах» шешен-ингуш ЭМО» қоғамдық бірлестігінің би ансамблі «Лезгинка» биін орындайды. Бұл өз кезегінде көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлары хақ.

Лезгинка – кавказ халқының дәстүрлі әрі ең танымал биі. Бұрынғы кезде ол жауынгерлер биі ретінде танылса, ал ол бейбіт уақытта семсері бар ерлердің жеке орындауларында көпшілікке мәлім болды. Осы арқылы олар көпшілікті өздеріне тәнті ете біліп, туған жері мен ағайын-бауырларын сөзсіз қорғаушы ретінде танылды.

Тағылымдық мәні бар «Этнос күні» жыл ішіндегі төрт іс-шараны қамтушы ретінде елорда этностарының мәдениетін көпшілікке паш етеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер