BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

«Арыс жағасында» ретро-фестивалі өтеді

Осымен тоғызыншы мәрте өткізілгелі отырған «Арыс жағасында» ретро-фестивалі биыл облыс орталығы Түркістан қаласында өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айтулы шара былтырғы жылы тек бес композитордың ғана шығармашылығын насихаттауға арналса, биылғы фестивальде бірнеше сазгердің шығармалары орындалатын болады.

Түркістан облысына ғана тән фестивальдің мақсаты - барша қазақтың мақтанышына айналған жергілікті композиторларды, өнер ұжымдары мен әншілерді дәріптеу, олардың шығармашылығын насихаттау.

Естеріңізге сала кетейік, «Арыс жағасында» ретро - фестивалі 2010 жылдан бастап Шымкент қаласындағы Ш.Қалдаяқовтың атына берілген гүлзарда жыл сайын өткізіліп келсе, биыл тұңғыш рет облыс орталығы – Түркістан қаласында ұйымдастырылып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер