BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Ақмола облысында «Мен қазақпын» мега-жобасының іріктеу кезеңі аяқталды

Бұл туралы толық ақпаратты бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифинг барысында ««КО`KSHE» телеарнасының директорының орынбасары Әбділманов Берік Қайдарұлы және облыстық Халық шығармашылық орталығының көркемдік жетекшісі Қалдырбаев Тоқтарбек Құрманұлы айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жобаның іріктеу кезеңі 24 мамыр мен 9 маусым аралығында Ақмола облысында өткізілді.

Байқауға дәстүрлі ән, терме және күй жанры бойынша өнерпаздар қатысып, 30-ға жуығы іріктелді.

Енді аудандардан оза шапқан өнерпаздар 2018 жылдың 18 маусым күні сағат 15.00-де Ш.Құсайынов атындағы қазақ драма театрында өтетін облыстық іріктеу турына қатысады. Онда жеңімпаз атанған 1 әнші, 1 күйші, 1 термеші республикалық сайысқа жолдама алады. Үміткерлер дәстүрлі халық әндері және халық композиторларының әндерінен екі шығарма жатқа орындайды.

Облыс көлемінде анықталған жеңімпаздар Астана қаласында өтетін «MEN QAZAQPYN» атты халықаралық мега жобаға қатысып бақтарын сынайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер