USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

«Жырын тыңда Дулаттың...»

№30 балалар кітапханасы мен № 32 жалпы білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен «Бір ел, бір кітап» республикалық акциясы бойынша зар заман ақындарының арасындағы сыншыл,ойшыл ақын - Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы жыл бойы оқуға берілді.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, қоғамның оқуға деген ықласын көтеру.

Осы мақсатпен «Жырын тыңда Дулаттың...» аты мәнерлеп оқу байқауын өткіздік.

Осы байқауда №32 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Тастағанова Гульзагира және мектеп оқушылары қатысып, Дулат Бабатайұлының өмір жолын шығармашылығын кеңінен ашып көрсетті.

ХІХ ғасырда ғұмыр кешкен кемел ақын Дулат Бабатайұлы бастаған «Зар заман» дәуірінің ақындарының әдебиетке қосқан үлкен үлесін жоққа шығара алмаймыз.Дулат ақынның, Абайға дейінгі заманда поэзияда көркем ойлау үлгісін тудырып, ұлттың әлуметтік үнін,халқының азаттығын жырлауда замандастарынан даралық танытқан . Ұлы Абай бүтіндей бір әдеби дәстүрдің бастауы болған, азаттықты аңсаған саф алтындай бағалы жырлар жазған Дулат Бабатайұлының шығармашылығын бағалаған. Оның көркем жырлары сол кезеңдегі азаттықты аңсаған халақтың темірқазығы болғаны анық .

Ұқсас сілтемелер:
04 Қараша 2016, 11:20
«Дулаттың асыл мұрасы»
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады