USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Жастар театры Талдықорған қаласында өнер көрсетеді

Астана қаласы әкімдігінің Жастар театры 2016 жылдың 15-20 қазан күндері аралығында Талдықорған қаласында гастрольдік сапарын өткізеді. Гастроль барысында талдықорғандық көрермендер театр репертуарындағы С. Жүнісовтің «Тырау-тырау, тырналар...», Б.Соқпақбаевтың «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...», С.Дүйсенбиевтің «Махаббат миниатюралары», Қ.Жүнісовтің «Алғашқы махаббат», Н.Гогольдің «Ревизор» қойылымдарымен қатар, жас бүлдіршіндерге арналған А. Әуезханұлының «Ақыл патшалығы» ертегісін тамашалай алады. Аталмыш гастрольдік спектакльдер І.Жансүгіров атындағы Мәдениет Сарайында өтеді.

Сонымен қатар, Жастар театры қазан айының 23-28 күндері аралығында Б.Римова атындағы Талдықорған облысының драма театрының сахнасында өтетін Орта Азия мемлекеттерінің VI халықаралық театрлар фестивалінде У.Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясы бақ сынамақ. Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театрдың көркемдік жетекшісі.

Жастар театрының Талдықорған қаласындағы гастрольдік

сапарының кестесі:

15 қазан сағ. 18:30 С. Жүнісов «Тырау-тырау, тырналар...» /драма/

16 қазан сағ. 16:00, 18:30 Б. Соқпақбаев «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» /сахналық повесть/

17 қазан сағ. 16:00, 18:30 Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» (комедия)

18 қазан сағ. 18:30 С.Дүйсенбиев «Махаббат миниатюралары» (театрландырылған концерттік бағдарлама)

19 қазан сағ. 18:30 Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» (комедия)

20 қазан сағ. 18:30 Н.Гоголь «Ревизор» (трагифарс)

18 қазан сағ. 11:00, 13:00 А.Әуезханұлы «Ақыл патшалығы» (ертегі)

19, 20 қазан сағ. 11:00 А.Әуезханұлы «Ақыл патшалығы» (ертегі)

Анықтама тел: 8702 284 92 61

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады